Қолын сындырған: бұрынғы әйеліне қол көтерген басбұзар түрмеге тоғытылды

21.10.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Жамбыл облысында бұрынғы әйелінің қолын сындырған ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сот материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптылар ажырасқаннан кейін қайта қосылып, бір үйде тұрған.

"Былтыр екеуінің арасында тұрмыстық жанжал шыққан. Сол кезде сотталушы әйелін бірнеше рет бетінен ұрған. Есінен танып қалған жәбірленушінің қолын да сындырған", - делінген соттың хабарламасында.

Әйел медициналық көмекке жүгінбекші болғанда тағы жанжал шыққан. Сотталушы оның ар-намысына тиетін сөз айып қорлаған.

Бұған дейін қалалық сот басбұзарды 1 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Ол сот актісін даулап, өзін ақтауды сұраған. Апелляциялық алқа іс материалдарын зерттеп, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью