Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Абай облысы Полиция департаменті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қозғалыс кезінде жеңіл автокөліктің терезесінен денесін шығарып, қолына гүл себетін ұстаған жолаушыны видеодан анықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері көлік жүргізушісі мен жолаушыны тапты.
Нәтижесінде, 20 жастағы жүргізуші жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталанып жасалғандықтан, іс материалы сотқа жолданды.
21 жастағы флорист болып жұмыс істейтін жолаушы қыз да қозғалыс кезінде көлік терезесінен денесін шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.