Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Павлодар қаласында пиротехникадан жарақат алған бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Петардалар мен фейерверктерден зардап шеккендердің арасында екі бала бар.
"Мәселен, Жаңа жыл басталғаннан кейін 28 минут өткенде кеуде тұсын термиялық күйік шалған 16 жастағы қыз балаға көмек қажет болды. Ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Сол ауруханаға қолында петарда жарылған 15 жастағы жасөспірім жеткізілді. Ол екі көз алмасының және сол жақ қолының термиялық күйігін алған", - дейді дәрігерлер.
Ал түнгі сағат 01:26-да жедел жәрдем қызметіне Кенжекөл ауылынан хабарласты. Онда қолында "бомбочка" жарылған 33 жастағы ер адам зардап шекті.
"Күйік шалған және қолы жарақаттанған науқас Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді. Тағы бір жағдайда 18 жастағы бозбала сатып алынған фейерверктің атылғанына көз жеткізбек болған кезде көзін жарақаттап алды. Медициналық тексеруден кейін ол ауруханаға жатудан бас тартты", - деп атап өтті мамандар.
Осы орайда дәрігерлер негізгі екі қателікті атап өтті. Адамдар петарданы тұтатқаннан кейін қолда ұстап тұрады және салюттің атылған-атылмағанын тексеруге тырысады. Ал адамның реакциясы зарядтың жарылыс жылдамдығынан әлдеқайда баяу. Бұдан бөлек, балалардың пиротехниканы бақылаусыз қолдануына жол бермеу керек.