Қолжетімді ет жобасы 60 миллион теңге жымқыру ісімен аяқталды

30.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыруға бөлінген қаражатты жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жоба құны – 311 миллион теңге"

2021 жылы "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ қатысуымен "Сыздық Ата" ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылған.

"Жобаның жалпы құны 311 миллион теңгені құрады. Оның мақсаты – ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту және Жаңақорған ауданының тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді ет өнімдерімен қамтамасыз ету болатын. Жоба аясында корпорация ЖШС-нің жарғылық капиталына 151,5 миллион теңге құйған. Бұл қаражат 1 600 бас қой, 130 бас ірі қара мал және ет орауға арналған жабдықтар сатып алуға бағытталуы тиіс еді", - деп нақтылады ҚМА өкілдері.

Тергеу мәліметтері бойынша, мал сатып алынғаннан кейін ЖШС басшысы қаржының бір бөлігін жымқыру схемасын ұйымдастырған.

"Жалпы сомасы 60 миллион теңге күдіктінің бақылауындағы "Нұрай" және "Абылайхан" ЖК шоттарына заңсыз аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оған тиесілі екі автокөлікке тыйым салынды", - деп хабарлады ведомство.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мәліметтері жария етілмейді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью