Қолжетімді сапалы дерек

01.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жасанды интеллектінің әлеуетін арттыруға ең әуелі мол дерек пен соны талдайтын қуатты есептеу жүйесі керек. Айталық, дәрігерге көмектесетін бағдарлама бірінші кезекте медициналық мәліметтерді жинақтайды. Сол секілді жолдағы кептелісті болжайтын жүйе көлік қозғалысына қатысты деректермен жұмыс істейді. Содан соң барып сол ақпаратты саралап, нақты шешім ұсынатын деңгейге көтеріледі. «Astana Hub» алаңында өткен ашық кездесуде осы мәселені шешуге бағытталған нақты мүмкіндік таныстырылды.

Кездесуде мемлекеттік орган­дар стар­тап­тарға қандай нақ­ты қолдау көрсетілетінін түсін­дір­ді. Әсіресе сапалы деректерге ­қол­жетімділікті кеңейту мәселесіне басымдық беріліп отыр.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның айтуынша, бұл бастаманың басты мақсаты – мемлекеттік деректерге қолжетімділікті барынша жеңілдету. Енді әзірлеушілер дайын мәліметтермен шектелмей, өз жобасына қажет нақты деректерді де сұрата алады. Егер жасанды интеллект моделін оқытуға белгілі бір ақпарат жетіспесе, тиісті өтінім беріп, қажетті деректерді алуға мүмкіндік бар. Осылайша, бұл мүмкіндік жаңа технологиялық шешімдердің пайда болуына және стартаптардың жұмысын жеделдетуге жол ашады.

Бұл бағыттағы негізгі алаң­ның бірі – «Ashyq Data» порталы. Министрлік пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлесіп іске қосқан платформада түрлі саланы қамтитын екі жүзге жуық дерек жиынты­ғы бар. Оның ішінде бұрын жа­рияланбаған бірегей мәлімет те жинақталған. Деректер апта сайын жаңартылып, пай­даланушыларға тегін ұсы­нылады. Портал 120-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйе­ні біріктіріп, әзірлеушілерге қа­жетті ақпаратты бір жерден алуға мүмкіндік береді.

Алайда жасанды интеллект жүйесін жасау тек деректермен шектелмейді. Оны өңдеп, талдайтын есептеу қуаты да қажет. Осы бағытта әзірлеушілерге арналған «AlemLLM» платформасы таныстырылды. Бұл қызмет арқылы компаниялар нейрожелілерді оқытуға қажетті ресурстарға арнайы өтінім беру арқылы қол жеткізе алады. Яғни стартаптар күрделі инфрақұрылым іздеп әуре болмай, өз жобасын тезірек іске қоса алады.

Цифрлық үкіметті қол­дау орталығының бас директоры Әлия Оспанованың айтуынша, арнайы архитектуралық портал арқылы мемлекеттік органдардың IT-жоспарлары ашық жарияланған. Енді компаниялар қай салада қандай деректер барын, қай бағытта цифрландыру қажет екенін көре алады. Бұл бизнеске нақты сұранысты түсініп, соған сай технологиялық шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді.

Мұндай ашықтық IT-на­рық­қа да тиімді. Өйткені әзір­леу­шілер енді мемлекетке не қажет екенін сырттай бол­жаумен шектелмейді. Кері­сінше, нақты сұранысқа сай өнім әзірлеуге бейімделеді. Бұл бір жағынан мемлекеттік органдар мен технологиялық орта арасындағы байланысты күшейтсе, екінші жағынан жаңа цифрлық шешімдердің тезірек пайда болуына жол ашады.

Жиын соңында IT-бизнес өкілдері деректерді алу жолдары, техникалық тетіктер және бірлескен қанатқақты жобаларды іске қосу мәселелері жөнінде сауалдарын қойды. Спикерлер мұндай ашық диалог алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Бұл бастама мемлекет пен технологиялық нарық ара­сындағы байланысты нығай­тып, идеядан дайын жасанды интеллект өніміне дейінгі жолды қысқартуға ықпал етпек.

Соңғы жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 09:28

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп

Білім • Бүгін, 08:50

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

Шипа іздеп шетел асудың қажеті жоқ

Медицина • Бүгін, 08:35

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью