Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші төртінші қабаттың терезесінен құлап, жарақат алды. Бұл туралы Қазақстан Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 3 тамызда болған. Зардап шеккен азамат дереу медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті мамандандырылған көмек көрсетіліп жатыр, жағдайы дәрігерлердің бақылауында.
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мәліметінше, оқиғаға дейін әскери қызметші қызмет жағдайына шағымданбаған. Оның алдында ғана ол әскери бөлімге келген ата-анасымен кездескен. Олар тарапынан да ешқандай өтініш немесе шағым түспеген.
"Аталған факт бойынша ІІМ Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің ресми хабарламасында.
Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеріс тағайындап, арнайы комиссия құрды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, жағдай ерекше бақылауға алынды.
Айта кетейік, шілдеде әскери полиция Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінен өз бетінше кетіп қалған мерзімді қызметтегі сарбазды ұстаған болатын. Кейін сарбаз облыс орталығынан 20 шақырым жерде табылды. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ. Тескеру барысында әскери қызметші командирлер мен әріптестері тарапынан жарғыдан тыс қарым-қатынастар, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері болмағанын мәлімдеді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу