Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қонаев қаласында коммуналдық және жедел қызмет мамандары жойқын желдің салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қалпына келтіру шаралары толықтай қала әкімдігінің есебінен жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Еске сала кетейік, Қонаев қаласында жылдамдығы секундына 27 метр боран соғып, тұрғын үйлердің шатыры ұшып, инженерлік желілер зақымданған. Қазіргі таңда ақаулар толықтай қалпына келтірілді. Апат салдарын жоюға 300-ден астам адам мен 60-тан аса арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар жедел штаб құрылды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен 30 тұрғын үйдің шатырына зақым келген. Аумақтарды тазалау жұмыстары аяқталып, қалпына келтіру шаралары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр.
Пәтер иелері кооперативтері қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлесіп, шатырларды және инфрақұрылым нысандарын жөндеуге атсалысып отыр.
«Қала аумағында қатты жел түні бойы соғып, түске дейін сақталды. Табиғи құбылыстың салдарынан зардап шеккендер жоқ, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп тіркелмеді. Жедел штаб құрылып, барлық қызметтер жұмыс істеуде. Тұрғындардан түскен барлық өтінімдер бақылауда, бірде-бір мекенжай назардан тыс қалмайды. Қала тұрғындарын ауа райы болжамдары мен Құтқару қызметінің ескертулерін қадағалауға шақырамыз», деді Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов.
Құтқару қызметі алдағы күндері желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшеюі мүмкін екенін ескертіп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды.
Алматы облысы
Соңғы жаңалықтар
Астана халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 15:50
Президент: Тозығы жеткен теміржол инфрақұрылымы әлі де көп
Президент • Бүгін, 15:40
Ел шорт-трекшілері 500 метр қашықтықтағы сынды қандай нәтижемен аяқтады?
Қысқы спорт • Бүгін, 15:35
Президент: Бизнеске шын мәнінде қолайлы жағдай жасайтын нақты шаралар қабылдау керек
Президент • Бүгін, 15:31
Қысқы Олимпиада: Шаңғышылар спринт сынында іріктеуден өте алмады
Қысқы спорт • Бүгін, 15:22
Солтүстік Қазақстанда екі әйел түтіннің иісінен тұншығып қала жаздады
Оқиға • Бүгін, 15:18
Атырау облысында жыл басынан бері 14 автокөлік өртеніп кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Мемлекет басшысы Үкіметке елдегі мұнай өңдеу зауыттарын жедел жаңғыртуды тапсырды
Президент • Бүгін, 15:05
Тоқаев кәсіпкерлерді жоспардан тыс тексеруді доғаруды тапсырды
Президент • Бүгін, 15:03
Президент су тасқыны мен құрғақшылық қаупіне алдын ала дайындалуды тапсырды
Президент • Бүгін, 14:57
Тоқаев: Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек
Шаруашылық • Бүгін, 14:47
Сақтандыру және қор нарығын дамытудың бағдарламасы әзірленеді
Экономика • Бүгін, 14:38
Мемлекет басшысы экономиканы қолжетімді кредитпен қамтамасыз етудің жолын айтты
Президент • Бүгін, 14:33
Президент мемлекет пен жеке серіктестікті белсенді пайдалануды тапсырды
Президент • Бүгін, 14:21
Астанада машина жасаушылар бас қосады
Оқиға • Бүгін, 14:07