Қонаевта кардиологиялық орталық ашылды

27.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

2025 жылы Алматы облысының әкімдігімен ынтымақтастыққа қол қойып, 2025 жылдың сәуір айында құрылысты бастап кеттік. Сол бір жылдың көлемінде біз толықтай құрылыс жұмыстарын аяқтап, бүкіл керекті жабдықтауды жасап, орталықты іске қостық, дейді инвестор Бекарыс Жали.

Қайтарылған қаржы аурухана құрылысына жұмсалды

Өңірлердегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту мен жоғары технологиялық орталықтар желісін дамыту мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Қонаевта заманға сай орталық ашылуы халықтың өмір сапасын арттыруға және жүрек-қан тамыр ауруларымен күресті күшейтуге бағытталған нық қадам.

Бұл жерде кардиологиялық аурулардың барлығына диагностика жүргізіліп, ем жасалады. Сондай-ақ стент қою және АКШ операциялары орындалады. Бұл орталық тәулігіне 150 адамға дейін қабылдайды. Жылына 3 мыңнан астам операция жасауға мүмкіндігі бар, дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.

Қосшы қаласында бір ауысымда 1000 адамды қабылдауға арналған емхана ашылды

Мұнда диагностикадан бастап күрделі хирургиялық операцияларға дейін толық циклді медициналық көмек көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Ол өз кезегінде облыс тұрғындарының басқа өңірлерге немесе алыс шетелге бармай-ақ, сапалы медициналық көмекті өз аумағында дер кезінде алуына мүмкіндік береді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью