Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы құтқарды

03.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қонаев қаласында пәтерде жалғыз қалған балаға құтқарушылар көмек көрсетті.

Төтенше жағдайлар қызметіне 2020 жылы туған баланың үйде қараусыз қалғаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үш иінді сатының көмегімен екінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кірді", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылар баланы аман-есен ата-анасына тапсырды. Балаға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды. Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью