24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ірі сауда желілері мен дүкендер тұрғындарға 70 пайызға дейінгі жеңілдікпен тауарлар ұсынып жатыр.
Негізгі мақсат ішкі нарықты қолдап, халыққа түрлі өнімді қолжетімді ету. Игі шара ел аумағын толық қамтиды. Барлық өңір тұрғындары әлеуметтік азық-түлікке жатпайтын тауар түрлерін арзанға сатып алу мүмкіндігіне ие. 27 қазанға дейін жалғасатын науқанға 220-дан астам сауда орны қатысып жатыр.
Ақерке Жұмағазы, Қонаев қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
- Әрине ірі кәсіпкерлер бұл акцияға қосылды. Қазіргі таңда қала бойынша ірі супермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар тауарларға, яғни азық-түлікке, содан кейін сусындарға жеңілдіктер жүруде. Бұл акция 3 күнге жалғасады. Бұл акцияның мақсаты отандық өнімдерді қолдау, сонымен қатар ңшкі нарықтағы бағаларды тұрақтандыру.