Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қонаев қаласында саяжай аумақтарын елді мекен құрамына енгізу үдерісі жүріп жатқан тұста бірқатар кооперативтерге ықшам аудан мәртебесін беру мәселесі дау тудырды.
Соның бірі «Алтын Алма» саяжай кооперативі. Мұндағы кей тұрғындар өз қаржысына тартылған инженерлік желілер коммуналдық кәсіпорынның балансына заңсыз өтті, деп шағымданды. Ал қала әкімдігі бұл дауға сот арқылы әлдеқашан нүкте қойылғанын мәлімдеді. «Алтын Алма» саяжай кооперативінің жекелеген тұрғындары, бұрын өз қаржысы есебінен жүргізілген инженерлік желілердің коммуналдық кәсіпорын балансына заңсыз өтіп кеткенін айтады. Аталған дау Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы мүшелері мен өңірге жұмыс сапарымен барған Мәжіліс депутаттарымен кездесуде де көтерілді. Әкімдіктің айтуынша, «Алтын Алма» саяжай аумағындағы су құбырының құжаттары кезінде дұрыс рәсімделмеген. Сондықтан сот үкімі тұрғындардың пайдасына шешілмеді.
Асхат Рақымжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мүлікті заңдастыру барысында бірқатар кемшіліктерге жол берілді деген пікірдеміз. Сондықтан аталған мәселенің әлі де болса анықтайтын тұстары көп. Әділдік орнауы үшін жағдай жіті бақылауға алынуы тиіс. Бұл тұрғыда қалалық прокуратураға үлкен жауапкершілік жүктелетінін баса айтқым келеді.