Қонаевта тәулігіне 150 тонна ірімшік өндіретін зауыт салынуда

18.08.2026

7kun.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қонаев қаласында тәулігіне 150 тоннаға дейін, жылына 40 920 тонна ірімшік өндіруге қауқарлы зауыт салынып жатыр. 
Баспасөз қызметінің хабарлауынша құны 35,3 млрд теңгені құрайтын жоба заманауи өндіріс қалыптастыруды көздейді. Кәсіпорын іске қосылған жағдайда 450-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.
Қала әкімі Асхат Бердіханов құрылыс алаңына барып, инвестициялық жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Кездесу барысында құрылыс жұмыстарының қазіргі кезеңі, инженерлік инфрақұрылымды тарту және нысанды қажетті коммуникациялармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда аумағы 31 гектар жер учаскесі толық қоршалып, жалпы аумағы 10 мың шаршы метр болатын тоңазытқыш қоймасы салынып жатыр.
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью