Қонаевта төртінші қабаттан құлаған әскери қызметші ауыр жарақат алды

04.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: kaz_desant, инстаграм

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің ресми хабарламасына сәйкес әскери қызметші дереу медициналық мекемеге жеткізілген. Оған барлық қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған.

«Оқиғаға дейін әскери қызметші әскери қызмет өткеру жағдайына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Оқиға қарсаңында оның ата-анасы әскери бөлімге келіп, ұлымен кездескен. Кездесу барысында олардың тарапынан қандай да бір өтініштер немесе шағымдар түспеген», делінген хабарламада.

Өскемендегі сарбаз өлімі: Үш әскери қызметші қызметінен босатылды

Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіліп жатыр.
Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеру тағайындап, арнайы комиссия құрды. Оқиғаға қатысты жағдай ерекше бақылауға алынды.

Еске салайық, Өскеменде әскери бөлімнен өз бетінше кетіп қалған әскери қызметшіге іздеу жарияланып, кейін ол облыс орталығынан шамамен 20 шақырым жерден табылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью