Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қала әкімдігінің мәліметінше, мұнда қазір шаһардың келбетін жақсарту мақсатында сквер пайда болды. Сонымен қатар Workout алаңы салынды.
Фото: Алматы облысының әкімдігі— Қонаев әкімдігінің 2022 жылғы қаулысымен, «Айша сити» базары стационарлық емес бөлшек сауда орны ретінде белгіленген. Сол себепті енді сатушылар осы базарға барып, кәсіппен айналысуы тиіс. Жәрмеңкелік орындар дайындалып қойған, — деп түсіндірді әкімдіктен.
Жыл басынан бері Қонаевта белгіленбеген орында сауда жүргізген жеке және заңды тұлғаларға 2 562 600 теңге айыппұл салынған.
Еске салайық, бұған дейін Қонаевта заңсыз сауда орындарының орнына саябақ салынатынын жазғанбыз.