Қонаевтағы думанды жаз

27.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Биылғы жаз Қонаев қаласының мәдени өмірі үшін ерекше өтті. ASPAN FEST аясында отандық эстраданың танымал әншілері мен жас өнерпаздар бір сахнада бас қосып, көрерменге түрлі музыкалық бағдарлама ұсынды. Ай сайын ұйымдастырылған концерттер облыс ор­талығының кешкі тынысына сән беріп, тұр­ғындармен қатар өңірге келген қонақ­тардың да өміріне сән берді. 

Фестиваль тек музыкалық бағдарла­ма­мен шектелген жоқ. Келушілер үшін де­меу­шілердің қолдауымен түрлі ұтыс ойын­дары ұйымдастырылып, белсенді қаты­су­шы­ларға арнайы сыйлықтар табысталды. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, ауқым­ды мәдени шаралардың тұрғындар үшін тегін өтуіне облыс әкімдігі қолдау көр­сеткен.

– Фестивальға елге танымал көптеген эстрада жұлдызы қатысты. Сонымен бірге жергілікті өнерпаздарымызға да үлкен сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік берілді. Бұл жобаны Алматы облысының тұрғын­да­ры­на жақсы көңіл күй сыйлап, жазғы де­малысты мазмұнды өткізуге жағдай жа­сау мақ­сатында демеушілердің қолдауымен ұйым­дастырдық. Қала тұрғындары мен қо­нақтарына көңілді кеш, ұмытылмас әсер сый­лауға барынша күш салдық, – деді об­лыс­тық мәдениет, архивтер және құжат­тама басқармасының басшысы Әнуар Үмбетә­лиев.

Мега фестивальдың жабылу салтанаты да ерекше сән-салтанатымен есте қалды. Сахна төріне Қайрат Нұртас, «МузАРТ» то­бы, Әбдіжаппар Әлқожа, Заттыбек Көп­босынұлы, Raim, Alem, Зарина Омарова, Райым Уайс, Дана Кентай және басқа да өнерпаздар шығып, көпшілікке әннен ша­шу шашты. Танымал әндерге қосыла шыр­қаған көрермен орталық алаңды үлкен кон­церттік кеңістікке айналдырды.

Фестиваль аясында мәдени дема­лыспен қа­тар қоғамдық маңызы бар бастамаларға да назар аударылды. Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының негізгі бағыттары наси­хатталып, қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық орындарға ұқыпты қарау жө­нінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызы айтылып, қоғамдық тәртіп пен азаматтық жауапкершілік мәселесіне мән берілді.

Ұйымдастырушылардың мә­лі­ме­тінше, фестивальдың қорытынды кешіне 15 мың­нан астам адам қатысқан. Кеш барысында түрлі белсенділік танытқан көрерменге арнайы сыйлықтар табыс­тал­ды. Осылайша, маусым айында басталған ASPAN FEST жаздың соңғы күндерінде мың­даған көрерменнің басын қосқан үл­кен музыкалық мерекемен түйінделді.

Көрермендер де биылғы фестивальдың ұйымдастырылуына оң бағасын беріп, мұн­дай ашық аспан астындағы мәдени іс-шаралар қаланың тынысын жан­дан­дырып, тұрғындардың бос уақытын маз­мұнды өткізуіне мүмкіндік беретінін атап өтті. Жаз бойы ән мен думанға бөленген Қонаевтағы ASPAN FEST осылайша көп­шілікке жарқын әсер қалдырып, маусымды көтеріңкі көңіл күймен қорытындылады.

Айна ХАСАН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью