Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қонаевтағы үйінен өз бетінше шығып, із-түссіз жоғалған жасөспірімді құтқарушылар 2510 метр биіктіктен тапқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алматы қаласының Бостандық ауданында, Үлкен Алматы көлінің маңында теңіз деңгейінен 2510 метр биіктікте Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 2010 жылы туған жасөспірімнің жүрген жерін анықтау мақсатында іздестіру жұмысын жүргізді.
29 қазанн күні жасөспірім көзілдірік сатып алу үшін Қонаев қаласындағы үйінен автобуспен Алматыға өз бетінше жолға шыққан. Ол ересектердің еріп жүруінсіз қалаға аттанып, кейін үйіне оралмаған.
-Іздестіру жұмысы барысында құтқарушылар жасөспірімді «Озерная» тау лашығынан тапты. Оның жанында тағы екі досы болған, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар үш жасөспірімді таудан қауіпсіз жерге түсірді. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Таудан түскен соң кәмелетке толмаған балалар полиция қызметкерлеріне тапсырылды.