Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Тарихи ғимарат Алтынсарин көшесі, 124 мекенжайында орналасқан. Оның тарихы XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдан басталады. Ол Тобыл өңірінің белсенді қоныстану дәуірінде салынған және қаланың қалыптасуында маңызды рөл атқарған қоныс аудару басқармасы кешенінің бір бөлігі болған.
Фото: Дарья Аверченко / KazinformҚоныс аудару басқармасы – халықтың тығыз қоныстанған аймақтарынан аз қоныстанған өңірлерге көшірілуін ұйымдастырған бұрынғы мемлекеттік орган.
Фото: Дарья Аверченко / KazinformОның басты міндеті – шаруаларға жер алып, жаңа өңірлерді мысалы, Сібір мен Қазақстанның солтүстік бөліктерін игеруге көмектесу.
Уақыт өте келе сәулет ескерткішінің сыртқы келбеті ішінара өзгеріске ұшыраған. Бүгінде ғимараттың кейбір қасбеттік элементтері бүлінгенімен, тарихи нысанның негізгі сипаты сақталып қалған. Тастан өрілген қабырғалар мен сәндік бөлшектер Қостанайда әкімшілік және қоғамдық ғимараттар қарқынды салынған сол дәуірдің құрылыс дәстүрлерін еске салады.
Фото: Дарья Аверченко / Kazinform1964 жылдан бері бұрынғы қоныс аудару басқармасының ғимаратында олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Владимир Матвиенко атындағы зал орналасқан. Осылайша ғимарат бүгінге дейін қалаға қызмет етуді жалғастырып келеді, яғни ендігі уақытта қостанайлық спортшылар жаңа буынын тәрбиелейтін орын.
Фото: Дарья Аверченко / KazinformБұған дейін Қазақстандағы ең танымал тарихи орындар туралы жазған болатынбыз.