Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ұлытау облысының құрамына бар болғаны екі аудан кіреді. Соның бірі – Ұлытау ауданы. Ауданға кейінгі үш жылда 46 отбасы 166 мүшесімен қоныс аударды. Ал биылдың өзінде аудан орталығы Жезді кенті мен Егінді, Қарсақбай ауылдарына алғашқы ерікті түрде қоныс аударушылар келе бастады.
Кейінгі екі жылда ауданда 68 тұрғын үй салынды. Былтыр Ұлытау селосында 32 пәтерлі, 10 пәтерлі екі тұрғын үй, Жезді мен Қарсақбай кенттерінде бірнеше баспана салынып, кезең-кезеңімен пайдалануға берілді. Сонымен қатар мамандарды тарту мақсатында аудан орталығында 12 орындық жатақхана ашылды.
Елді мекендерде демографиялық жағдайды орнықтыру, еңбек әлеуетін арттыруда адам санын, соның ішінде түрлі саладағы мамандар қатарын толықтыру аса маңызды мәселе болып отыр. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы тоқырау шалғай ауылдарды ғана емес, өнеркәсібі шалқып тұрған кент орталықтарын да тұралатып тастады.
Жезді кентінде 1997 жылға дейін 9000-12000 қаралы халық тұрған. Ғасырлар тоғысында бұл көрсеткіш белгілі себептермен күрт төмен түсе бастады. Қазір мұнда бар-жоғы 2500 тұрғын қалды. Осы тұрғыда оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару мемлекеттік бағдарламасын Үкімет уақтылы қабылдады. Себебі бағдарламада маман кадрлар, жұмыс күші жетіспеушілігіне қатысты көптеген жеңілдік қарастырылған.
Жезді кентінде бағдарлама 2022 жылдан бастап жүзеге аса бастады. Қазір кентте тұрып жатқан жеті отбасы осы бағдарлама аясында көшіп келді. Бірі Жезді кенті ауруханасында дәрігер, енді бірі мектепте физика, химия, математика пәнінің мұғалімдері болып жұмыс істейді. Көшіп келгендерге мемлекет есебінен қызметтік пәтер, жұмыс беріліп отыр. Қызметтік пәтер алғандар тек қолданылған қызмет түрлеріне төлем жасайды. Қоныс аударған отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақы беріледі. Алдағы уақытта қажет деп санаса, берілген үйдің жарты ақшасын үкімет төлеп береді, жарты ақшасын өзі салады. Егер үй жалдайтын болса, жалдау ақысы мемлекет есебінен төленеді.
Жақында Түркістан облысынан қоныс аударған информатика пәнінің мұғалімі үй сатып алып, осында қалатынын жергілікті әкімшілікке мәлім етті. Әйелі де химия пәнінің мұғалімі. Қос маманның кентте тұрақтап қалуы, әлбетте қуантарлық жағдай.
Жақында Жезді кентіне қоныс аудару бағдарламасы бойынша көшіп келген екі отбасына Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Алмат Сакипов жаңа тұрғын үйдің кілтін табыстады. Отбасыларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп, тұрақты жұмыспен қамтылды. Жас отбасылар негізгі қызметпен қатар қосымша кәсіп бастап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуды мақсат етіп отыр. Балалары мектеп пен балабақшаға орналастырылып, түрлі үйірмеге жазылды.
2024 жылға дейін Жезді кентінде жаңадан үй салынбаған. Қазір кентте инженерлік жүйелерімен қамтылған заманауи жер үйлер салынып, 14 пәтер қолданысқа берілді. Сонымен қатар Жезді кентінде жаңадан пайдалануға берілген спорт кешеніне білікті мамандар тарту мақсатында құрылысы аяқталған тағы бір екі пәтерлі тұрғын үйді бағдарлама аясында қоныс аударып келген отбасыларға табыстау жоспарланып отыр. Осы бағытта ауданнан оңтүстік өңірлерге бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне арнайы делегат жіберіліп, жүйелі түрде түсіндіру, насихат жұмыстары қолға алынған.
Ұлытау ауданына қарайтын Қарсақбай кентіне де көшіп келген бес отбасы жаңа ортаға бейімделіп, еңбек етіп жатыр. Биыл оңтүстік өңірден қоныс аударып келген алғашқы азаматтың бірі Ербол Тастамбеков. Ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бойынша көшіп келген отбасына жаңа тұрғын үй табысталды.
«Өзім электрик мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға құжаттар дайындап жатырмын. Жұбайым Нағима әзірге үй шаруасында. Үш балам мектепке орналасты, біреуі үйде, анасының тәрбиесінде. Алдағы уақытта мал шаруашылығын дамытып, өз кәсібімді ашуды жоспарлап отырмын, – дейді көпбалалы отбасының отағасы.
Биыл да жақсы іс жалғасын тауып, Ұлытау ауданы орталығында, Жезді, Қарсақбай кенттерімен қатар Байқоңыр ауылында да жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталмақшы. Бұл – халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, елді мекендердің дамуына серпін береді.
Ұлытау облысы
Соңғы жаңалықтар
Табыс теңгерімі: Жалақы мен баға арақатынасы
Экономика • Бүгін, 08:17
Жүгері өңдеу зауытының құрылысы басталды
Құрылыс • Бүгін, 08:15
Қазақстан • Бүгін, 08:13
Шаруашылық • Бүгін, 08:10
Ата заң нормаларын танымалдандыру маңызды
Ата заң • Бүгін, 08:07
Президент тапсырмасына сай экономиканы ырықтандыру жайы пысықталды
Саясат • Бүгін, 08:05
Геологиялық әлеуетті күшейту – басым бағыт
Саясат • Бүгін, 08:03
Саясат • Бүгін, 08:00
Қытай блогері «Достық» орденімен марапатталды
Саясат • Бүгін, 07:57
Парламентаралық диалог: Жоғары деңгейдегі сенім мен түсіністік
Саясат • Бүгін, 07:55
Ауыл шаруашылығын цифрлық бақылауға алу қажет
Сенат • Бүгін, 07:50
Саясат • Бүгін, 07:45
Қоғам • Кеше
Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтен шығып қалды
Спорт • Кеше
Ертең еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше