Қоқыс ЖИ көмегімен тазартылды ма? Алматылық тұрғынды әкімдіктің фотоесебі таңғалдырды

15.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматы тұрғыны Бостандық ауданы әкімдігін қала көшелерін "тазарту" үшін жасанды интеллектіні пайдаланды деп күдіктенеді, деп хабарлайды Tengri Life.

Алматы тұрғыны Бостандық ауданы әкімдігін қала көшелерін "тазарту" үшін жасанды интеллектіні пайдаланды деп күдіктенеді, деп хабарлайды Tengri Life.

Қыз №125 мектеп маңындағы қоқысқа қатысты Threads-та шағымданған. Оның айтуынша, бұл мәселенің барына біраз болған, сондықтан ол жазбасында аудан әкімдігін белгілеуді ұйғарған.

Жауап көп күттірмеді.

"Бостандық ауданының әкімдігі менің қоқыс түсірілген фотоларымды алып, жасанды интеллект арқылы қоқысты өшіреді де, ұялмай маған жауап береді. Нағыз әзілкештер!" - деп жазды автор.

Скриншот: Threads

Жазба бірнеше сағат ішінде 100 мыңға жуық қаралым жинады. Ал пікір қалдырушылар бір қызықты жайтты байқаған: әлеуметтік желі суретті жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген кескін ретінде белгілеген.

"Заманауи мәселелер заманауи шешімдерді талап етеді", "Сіз қоқысты фотода емес, өмірде тазарту керек екенін нақтыламаған шығарсыз", "Жақында жолдардағы шұңқырларды да осылай "жөндейтін" болады", - деп жазды пікір қалдырушылар жазба астында.

Тек "жоғалған" нысандар емес, "дейін" және "кейін" түсірілген кадрлардың сәйкестігі де қызу талқыға себеп болды. Қырағы қолданушылар суреттердегі ракурс, көлеңке мен жарықтың шағылысуы бірдей екеніне назар аударған.

Біз пікір алу үшін Алматы әкімдігіне хабарластық, алайда материал жарияланған сәтте жауап берілмеді.

Тағы оқыңыз: "Қонақтардан ұят". Көк-Жайлаудағы үйілген қоқыс алматылықтардың наразылығын тудырды

Лас кіреберіс, суық батарея мен қоқыс: ПИК пен МИБ-ке не үшін айыппұл салынуы мүмкін?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью