Қоқысқа толған ғарышты кім тазартпақ?

02.02.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Экологтер, табиғат жанашырлары жердегі, ауадағы, әуедегі, өзен мен көл, мұхиттағы тазалықты көп айтады. Бірақ ғарыштағы тазалықты ойлап жатқан кім бар? Ғалымдар бар. Ғаламдық мәселенің шешімін табуды басқа емес, дәл еліміздің беделді оқу орнында жұмыс істейтін зерттеушілер қолға алыпты, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Назарбаев университеті (NU) бір топ ғылым тақырыбын жазатын журналистерді жинап, бейресми форматта ғалымдармен кездесу ұйымдастырды. Сол жерде басты спикер болған аэроғарыш инженері Дмитрий Сизов жер орбитасы спутниктер мен қоқыс бөліктеріне толып бара жатқанын айтты.

«Ғарыштың бәрі қоқысқа толып кетті деп айта алмаймыз. Бірақ ең қажетті кеңістік қалыңдап барады. Оқырманға ұғынықты болу үшін қарапайым мысалмен түсіндіріп көрейін. Мәселен, біз Астана қаласынан Алматы қаласына жеңіл көлікпен жол тарттық делік. Автожол қоқысқа толып кетсе, сіз жолсызбен жүріп кете бере алмайсыз ғой. Сол секілді спутниктердің де ғарышта жүретін нақты бағыты, жолы, кеңістігі бар. Керек тұсы жабық болса, жол жоқ деген сөз. Осы тұрғыдан ғарышты игеруде әлемге ортақ мәселе бар. Жер орбитасы спутниктер мен қоқыс бөліктеріне толып бара жатыр. Бұл түйткіл байланысқа, GPS және ауа райын бақылауға әсер етеді. Өйткені бәріміз білетіндей, біз жерді ғарыштан бақылаймыз», дейді Д.Сизов.

Ғарыштағы қаралы күн

Спикердің сөзіне сенсек, ғарыштағы ғаламға ортақ сұрақтың жауабын табу үшін әлемдегі көптеген зерттеуші өз шешімдерін ұсынған. Бірақ жер орбитасын нақты тазарта алған ешкім жоқ. Егер Д.Сизов өз тобындағы бірнеше ғалыммен бірлескен жобасы сәтті нәтижесін берсе, түйткілдің түйінін тарқатқан алғашқы ел Қазақстан болуы мүмкін. Осыған орай ғалымдар Ғылым және жоғары білім министрлігінен 120 млн теңгеге арнайы грант алған. Қазір Q1 деңгейлі ғылыми журналға зерттеу туралы мақала дайындап шығарғалы отыр. Сол материал жарық көргенде жұмысты егжей-тегжей тарқатып айтуға болады.

Әзірге бізге белгілісі NU зерттеушілері спутниктер инфрақұрылымын қауіпсіз басқаруды түсіну үшін ғарыш қоқысын қадағалау және «тазалау» бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Спутниктер қызметін белсенді пайдаланатын ел ретінде Қазақстан үшін бұл өте маңызды. Тіпті шағын соқтығыстар да байланысқа, навигацияға және метеорологиялық бақылауларға әсер етуі мүмкін.

Ғарышқа ең жақын нүкте

Соңғы жаңалықтар

Қоқысқа толған ғарышты кім тазартпақ?

Экология • Бүгін, 16:55

Алаяқтардың құрығынан қорғау: 10 халықаралық call-орталық жойылды

Қоғам • Бүгін, 16:31

Италиядағы ақ Олимпиада: Спортшылардың жарыс кестесі жарияланды

Спорт • Бүгін, 16:10

Қаңтардағы ҰБТ: 244 адам тестілеуден босатылды

Қоғам • Бүгін, 16:08

Шерхан Мұртазаның 6 мың қолжазбасы цифрланды

Архив • Бүгін, 15:58

Ұлттық қордан 10 жыл ішінде жұмсалмаған қаржы зейнетақы шотына аударылады

Қоғам • Бүгін, 15:48

Күніне 18,5 млн доллар: Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?

Қоғам • Бүгін, 15:33

Күрестен халықаралық турнир: Жәмилә Бақбергенова алтын медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 15:23

Мұнай алпауыттары Қашағандағы экологиялық талаптарды бұзып келген

Экология • Бүгін, 15:10

Шайбалы хоккейден халықаралық турнирге қатысатын құрам белгілі болды

Хоккей • Бүгін, 15:02

Үндістан Қазақстан азаматтары үшін бір айға тегін виза ұсынды

Әлем • Бүгін, 14:55

Енді қызылшаға қарсы вакцина міндетті: Астана ауруханаларына бала қабылдау ережесі өзгерді

Елорда • Бүгін, 14:43

Ғылымды бюджет есебінен қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды

Үкімет • Бүгін, 14:22

Маңғыстаулық студент ұшақ бортында жолаушыға жәрдемдесті

Аймақтар • Бүгін, 14:18

«Жасыл аймақ» басшылығы неліктен жұмысшылардың ақысын төлемеген?

Аймақтар • Бүгін, 14:06

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью