Қоқыстағы сөмкеден табылған мәйіт: Ақтөбедегі сұмдық оқиғаның мән жайы белгілі болды

17.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ақтөбеде 12 наурызда қоқыс алаңынан сөмкеге салынған мәйіт табылды. Күдікті ұсталды, - деп хабарлайды тілшіTengrinews.kz.

Ақтөбеде 12 наурызда қоқыс алаңынан сөмкеге салынған мәйіт табылды. Күдікті ұсталды, - деп хабарлайды тілшіTengrinews.kz.

55 жастағы ер адамның мәйіті № 38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреу қоқыс контейнерлері қасына тастап кеткен сөмке бірнеше күн бойы тұрып қалған.

Фото: Tengrinews.kz

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті күдіктінің анықталып, ұсталғанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бірге ішімдік ішіп отырып жанжалдасып, салдарынан күдікті оған бірнеше жерден пышақ жарақатын салған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Фото Tengrinews.kz

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью