Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,76 теңгеге арзандап, 491,97 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 496,00 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 492,50 теңгеден сатып алынады, 494,29 теңгеден сатылады. Еуро 582,96 — 587,58 теңге, ал рубль 6,39 — 6,50 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,16 теңгеден сатып алынады, 73,94 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 490,07 теңгеден сатып алынады, 497,07 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 581,07 теңге, сату — 591,07 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,37 теңге, сату — 6,67 теңге.
— юань: сатып алу — 71,90 теңге, сату — 76,27 теңге.
Еске салайық, бүгін таңертең доллар 495-500 теңге аралығында саудаланды.