Қор биржасында доллар 503 теңгеге дейін түсті

23.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,36 теңгеге арзандап, 503,35 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 505,71 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 504,09 теңгеден сатып алынады, 506,36 теңгеден сатылады. Еуро 590,88 – 595,27 теңге, ал рубль 6,51 – 6,62 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,70 теңгеден сатып алынады, 76,52 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 503,00 теңгеден сатып алынады, 510,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 590,00 теңге, сату - 600,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,45 теңге, сату - 6,75 теңге.
- юань: сатып алу - 74,53 теңге, сату - 78,51 теңге.

Еске салайық, 22 қаңтар күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,94 теңгеге арзандап, 505,71 теңге болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью