Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,49 теңгеге арзандап, 486,20 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 491,29 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 484,01 теңгеден сатып алынады, 491,01 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 552,00 теңге, сату — 563,49 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,90 теңге, сату — 6,40 теңге.
— юань: сатып алу — 72,38 теңге, сату — 76,16 теңге.
Алматының ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 485,55 теңгеден сатып алынады, 488,01 теңгеден сатылады. Еуро 554,66 — 560,72 теңге, ал рубль 6,00 — 6,14 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,75 теңгеден сатып алынады, 74,50 теңгеден сатылады.
Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы небәрі 0,02 теңгеге арзандап, 491,29 теңге болды.