Қор нарығында доллар бағамы 6 теңгеге жуық көтерілді

06.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,53 теңгеге қымбаттап, 511,26 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 505,53 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 513,16 теңгеден сатып алынады, 516,35 теңгеден сатылады. Еуро 596,36 — 603,31 теңге, ал рубль 6,16 — 6,37 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 72,77 теңгеден сатып алынады, 75,05 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 510,00 теңгеден сатып алынады, 517,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 595,00 теңге, сату — 605,01 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,00 теңге, сату — 6,45 теңге.
— юань: сатып алу — 72,72 теңге, сату — 77,23 теңге.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша 2026 жылға арналған шешімдер кестесі бекітілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью