Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

06.12.2025

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 504 теңгені құрап, 3,89 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: ашық дереккөз

Kurs.kz деректеріне сәйкес, валюта айырбастау пункттерінде доллар 504,3-506,8 теңгеден, еуро 586,9-592,9 теңгеден, рубль 6,51-6,64 теңге аралығында саудаланып жатыр.

5 желтоқсандағы саудада әлемдік мұнай бағасы өсім көрсетті:

Brent маркалы мұнайдың ақпан айына арналған фьючерсі 0,03% өсіп, барреліне 63,28 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың қаңтар айына жеткізілімдік бағасы 0,05% қымбаттап, барреліне 59,69 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 499,65 теңге, еуроны 582,89 теңге, ал рубльді 6,47 теңге деңгейінде бекіткен.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью