Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

14.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге қымбаттап, 476,97 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 474,90 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 471,00 теңгеден сатып алынады, 478,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 555,00 теңге, сату - 565,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,16 теңге, сату - 6,47 теңге.

- юань: сатып алу - 68,48 теңге, сату - 74,25 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 475,43 теңгеден сатып алынады, 477,68 теңгеден сатылады. Еуро 557,96 – 563,40 теңге, ал рубль 6,16 – 6,28 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,95 теңгеден сатып алынады, 71,82 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 13 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,71 теңгеге қымбаттап, 474,90 теңге болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью