Қор нарығында ұлттық валюта бағамы нығайды

15.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,63 теңгеге түсіп, 474,08 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 476,97 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 469,03 теңгеден сатып алынады, 476,03 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 555,00 теңге, сату - 565,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,20 теңге, сату - 6,50 теңге.

- юань: сатып алу - 68,48 теңге, сату - 74,28 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 473,48 теңгеден сатып алынады, 475,74 теңгеден сатылады. Еуро 557,15 – 562,61 теңге, ал рубль 6,20 – 6,31 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,69 теңгеден сатып алынады, 71,58 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 14 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге қымбаттап, 476,97 теңге болды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью