Қордай маңында Lexus пен Tank 500 қатысуымен болған қайғылы жол апаты видео

02.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

1 маусымда Қордай ауданында Lexus пен Tank 500 көліктері жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengri Auto

1 маусымда Қордай ауданында Lexus пен Tank 500 көліктері жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengri Auto

Жамбыл облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтып берді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus автокөлігінің жүргізушісі жол жиегіндегі қоршауға соғылып, кейін көлік айналып кетіп, жол үстінде тоқтап қалған. Сол сәтте тасжолмен келе жатқан Tank 500 тоқтап үлгермей, Lexus-қа соқтығысқан", - деп хабарлады ведомство.

Соқтығысу салдарынан Lexus жүргізушісі мерт болып, кәмелетке толмаған жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Полиция өкілдері апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде көлік жүргізушісі жол бойымен келе жатқан велошабандоздарды қағып кеткен болатын. Әлеуметтік желілерде жол-көлік оқиғасының видеосы тарады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью