Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Иранның Орталық полиция басқармасының басшысы Ахмад-Реза Радан Еуроодаққа Гренландияны қорғау үшін көмек ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, егер Еуроодақ аралды қорғай алмаса, Иран бұл іске араласуға дайын.
"Егер Гренландияны қорғай алмасаңыздар – бізді шақырыңыздар, біз көмектесеміз", – деген Раданды ISNA агенттігі келтіреді.
Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін бірнеше рет Гренландияны АҚШ құрамына қосу туралы мәлімдеген. Ол тіпті аралды күшпен алу мүмкіндігін де жоққа шығармаған.
Трамптың сөзінше, Гренландия АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін маңызды. Сонымен қатар ол арал маңында Қытай мен Ресейдің суасты қайықтары бар екенін айтқан.
Дания билігі ықтимал әскери қауіпке байланысты аралдағы ұшу-қону жолақтарын жою жоспарын да қарастырған. Сондай-ақ Франция мен Германияны қоса алғанда, бірқатар еуропалық елдердің әскери күштері аралды қорғауға жіберілген.
Копенгагенде жағдайдың ушығу қаупі АҚШ-тың Венесуэла басшысы Николас Мадуроны қаңтар айында қолға түсіруінен кейін күшейген.
Алайда 21 қаңтарда Давоста өткен форумда Трамп Гренландияны бейбіт жолмен қосу ниеті бар екенін мәлімдеген соң, жағдай біршама тұрақталған.