Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Облыстық аумақтық қорғаныс бригадасында министр командирдің ағымдағы жағдай туралы баяндамасын тыңдап, 99215 әскери бөлімінің штаб жұмысына, сондай-ақ жеке құрамның орналасу және тамақтану жағдайларына тексеру жүргізді.
Фото: Қорғаныс министрлігіҚорғаныс істері жөніндегі департамент пен қалалық басқармада министрге жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өткізілген күзгі әскерге шақыру науқанының қорытындылары және запастағы әскери қызметшілерді даярлау барысы туралы баяндалды. Сонымен бірге, әскери мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, жаңартылған ғимараттарына ерекше назар аударылды.
Фото: Қорғаныс министрлігі Фото: Қорғаныс министрлігі66597 әскери бөлімінде қорғаныс ведомствосының басшысы штабтың жұмысын бағалап, казарма мен асхананы аралап, сарбаздармен әңгімелесті, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты. Сонымен бірге дербес барлау полкінің зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы мен жауынгерлік машиналар паркінің жағдайына айрықша көңіл бөлінді.
Сапар қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен ұрысқа қабілеттілігін арттыруға, қызмет ету жағдайларын жақсартуға және жеке құрамның жоғары моральдық рухын сақтауға бағытталған нақты тапсырмалар берді.
Бұдан бұрын Астанада Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталі жаңа жабдықтармен толыққанын хабарлағанбыз.