Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағының құлауына қатысты алғашқы мәліметтерін жариялады.
Қорғаныс ведомствосы басшысының айтуынша, оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін апат себептері туралы ақпарат жарияланады.
Министр ұшақтың Қазақстанға 2022 жылы жеткізілгенін және 230 сағатқа жуық ұшқанын атап өтті.
"Ешқандай қателік болған жоқ. Бұл жаңа ұшақ. Ең бастысы - ұшқыштар зардап шеккен жоқ, олар тірі", - деді Қосанов.
Ресми мәліметтер бойынша экипаж секіріп үлгерген. Ұшқыштардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Бүгін, 17:29