Қорғаныс министрлігінің Жұлдызды жігіттері Jaidarman TOP лигасына жолдама алды

15.02.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

«Кино маусымы» деп аталған дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық команда қатысты. Оның ішінде Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлім офицерлерінен құралған команда мен әскери оқу орындарының курсанттары да бар.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Әскери командалар сахнаға ерекше дайындықпен шықты. Былтыр «Қазақстан CUP» лигасында үздік үштіктен көрінген «Жұлдызды жігіттер» құрама командасы командир мен жеке құрам арасындағы байланысты сахнада шебер бейнелесе, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Жұлдызды курсанттары» мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының «Байланыс жігіттері» оқу орны қабырғасындағы қызықты сәттерін әзілмен ұштастыра білді. 

Фото: Қорғаныс министрлігі

— 2010 жылдары Жайдарман сахнасында әскери командалар жиірек өнер көрсететін. Тіпті, «Сарбаздар кубогы» деген жарыс та өткен. Соңғы екі жылда жауынгерлерден құралған жайдарманшылар қайта жанданып келе жатқаны қуантады. Әскери өмірді, Отан қорғауды насихаттау арқылы ел қорғайтын жастарды тәрбиелеу — барлығымыздың ортақ міндетіміз, — деді «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Өнер мен әзілге шебер жауынгерлер әскери өмірдің қатаң тәртібін сахнада әзілмен әрлеп, музыкалық нөмірлер арқылы көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Қызыққа толы сайыстың қорытындысында «Жұлдызды жігіттер» Jaidarman TOP жоғары лигасына жолдама алды. Ал курсанттарымыз «Қазақстан CUP» лигасында өнер көрсететін болады.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі сарбаздарға қатысты тараған бейнежазбаға пікір білдірді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью