Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Болашақ заңгерлер Қазақстан тарихындағы ең ірі қылмыстық іс – «Қорғас ісін» оқып-үйренеді.
Алматыда отставкадағы әділет полковнигі, судья Советхан Сәкеновтің «Судья» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітап Қазақстанның сот жүйесінің өткені мен бүгініне, судьяның рөлі мен жауапкершілігіне, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы ең өзекті мәселелерге арналған. Басылымда ерекше орын алатын тақырып – «Қорғас ісі». Кітап авторы Советхан Сәкенов сотта төрағалық етуші судья болған. Бұл қылмыстық іске 45 айыпталушы, 80 қорғаушы, шамамен 600 куәгер қатысты. Іске қатысушылардың көптігіне байланысты сот отырыстары тергеу изоляторында өткен. «Қорғас ісі» бойынша жеті томнан тұратын үкім Қазақ Ұлттық университетінің оқу процесінде пайдаланылады.
Советхан Сәкенов, Әділет полковнигі, отставкадағы судья:
- Студенттер теориялық білім алады. Ал ең басты – олар судья болашақта қандай болу керек, қандай қасиетке ие болу керек, прокурор, тергеуші қандай болу керек деген сұрақтарға жауап береді. Судьяның шығарған үкімі, шешімі ол заңмен пара пар. Қол қояды. Ешқандай мемлекеттік қызметтің шығарған актісі ол заңға теңелмейді. Конституция бойынша судьяның шығарған үкімі мен шешімі ол заңға теңеледі.