Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында 620 дана киік мүйізін Қытай Халық Республикасына заңсыз алып өтпек болғандар тоқтатылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің хабарлауынша, тәркіленген дериваттардың қара нарықтағы болжамды құны шамамен 180 миллион теңгені құрайды.
Шекарада тіркелген бұл заңбұзушылық фактісі бойынша барлық материал тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті тергеу органдарына тапсырылды.
Ведомство атап өткендей, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесі үшін іске қатысты өзге де детальдар жария етуге жатпайды.
Бүгін, 12:25