Қорқуға уақыт болмады ақтөбелік тұрғын сұмдық жол апатынан аман қалып, әлеуметтік желі жұлдызына айналды

15.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ақтөбе облысында ауыр жүк көлігі бетпе-бет келгенде өзін сабырлы ұстаған жүргізуші әлеуметтік желі жұлдызына айналды. Ол - Қанат есімді азамат, сол сәтте көлік ішінде оның үш баласы болған. Оқиғаның егжей-тегжейі туралы Tengrinews.kz материалында.

Ақтөбе облысында ауыр жүк көлігі бетпе-бет келгенде өзін сабырлы ұстаған жүргізуші әлеуметтік желі жұлдызына айналды. Ол - Қанат есімді азамат, сол сәтте көлік ішінде оның үш баласы болған. Оқиғаның егжей-тегжейі туралы Tengrinews.kz материалында.

Видеода ер адам тасжолда көлік тізгіндеп келе жатып, жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысудан қашып үлгерген - бұл сәт бейнетіркегішке түсіп қалған.

Желі қолданушыларын бәрінен бұрын жүргізушінің сабырлығы таңғалдырған.

Сол күні не болды?

Tengrinews.kz тілшісі видео кейіпкерімен байланысқа шықты. Оның айтуынша, оқиға 11 сәуірде болған. Сол күні Қанат жұбайы және үш баласымен бірге ауылдан жолға шыққан.

"Бұл жағдай Қарабұтақ пен Белқопа арасында болды. Қарсы алдымнан жүк көлігі шыққанда, мен өз жолағыммен жүре бердім. Оның жол бермейтінін түсінгенде, қарсы бағытқа шығып, екі фураның арасынан өтуге мәжбүр болдым. Өз жолағымен келе жатқан фура жол жиегіне қарай сәл ығысып, маған жол ашты", - дейді ол.

Қанаттың сөзінше, оның көлік тізгіндегеніне 5 жыл болған және мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отыр. Бірақ көлікте жары мен балалары болғандықтан, "қорқуға" уақыты болмағанын айтады.

"Аллаға шүкір, аман қалдық. Мұндай жағдайда бастысы абдырамай, дұрыс шешім қабылдау", - деді ол.

Қауіпті жағдай туғызып, қарсы бағытқа шыққан жүк көлігінің жүргізушісі тоқтамаған. Қанаттың өзі де жолын жалғастырып кете берген.

Жүк көлігінің жүргізушісі табылмады ма?

Полиция жүргізушінің әлі табылмағанын хабарлады. Оның жеке басы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр. Содан кейін ол жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады.

Қанаттың айтуынша, полиция жүк көлігінің табылғанын, оның Еуроодақтан екенін және шекарадан шығып кеткенін хабарлаған.

"Бүгін полициямен хабарластым, нөмірін тауыпты, бірақ еуропалық екенін айтты. Бағыттама берілді - Қазақстанға кірген бойда ұстайтын болады", - деді Қанат.

Қарсы бағытқа шыққаны үшін қандай жаза беріледі

Видеода жүргізушінің қарсы бағытқа шығып кеткені көрінеді - бұл жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу.

Бұл үшін ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы бойынша 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру немесе 15 АЕК-ке дейін (2026 жылы 64 875 теңге) айыппұл салу түріндегі жаза қарастырылған. Егер бір жыл ішінде қайталап бұзылса, жаза қатаңдатылады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью