Қос азаматтықты болдырмау туралы талап нақты сөз тіркесімен жазылды

12.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қолданыстағы Конституцияның 10-бабында «Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды» деп көрсетілген. Жаңа Конституция жобасында бұл мәселенің нүктесі қойылып, «жол берілмейді» деген үзілді-кесілді талап енгізілді.

– Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтығы болуына жол берілмейді. Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз болады, – Конституцияның жаңа жобасы, 13-бап.

Сонымен қатар қолданыстағы Конституцияда құқықбұзушылықтың құқықтық салдары жазылмаған. Ал жаңа Конституция жобасында өзге елдің төлқұжатын алу – ҚР азаматтығын тоқтатуға тікелей негіз екендігін жазады.

Айта кетейік, жаңа жобаның мәтінінде лингвистикалық сапаға мән берілген. Қолданыстағы Конституцияның 10-бабындағы орыс тілінен тікелей аударма «болып табылады» деген шұбалаңқы тіркес жаңа нұсқада алынып тасталып, ой жинақы әрі таза қазақ тілінде жеткізілген.

Бұған дейін Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынғанын жазған едік.

Жаңа Конституция жобасының толық мәтіні сайтымызда жарияланды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью