Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ерлер арасындағы ширек финалдық бәсекелердің нәтижесінде Даниял Сәбит (50 келіге дейін) және Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін) ақтық сынға шығу үшін бақ сынайды, делінген Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ал Бағлан Кенжебек (55 келіге дейін), Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 келіге дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін), Бекзат Таңатар (85 келіге дейін), Нурмагамед Юсупов (90 келіге дейін), Дәулет Төлемісов (90 келіге дейін) және Нұрлан Сапарбай (90 келіден жоғары) жарыс жолын 1/4 финалда аяқтады.
Айта кетейік, жартылай финал 28 ақпанда өтеді.
Бұған дейін Странджа кубогы аясында әйелдер арасында алты боксшы жартылай финалға өткенін жазғанбыз.