Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов "Әділет" партиясымен бірігу туралы шешім қабылдағаннан кейін не істейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Amanat партиясының төрағасы осы сессияны аяғына дейін жеткізеді.
"Мен не істеймін? Мен 1 шілдеге дейін мәжілістің төрағасымын. Алдымызда әлі үлкен жұмыстар бар, әлі қабылданатын заңдар бар. Біздің басымыз қазір сонымен ауырып жатыр", - деді Қошанов Amanat съезінен кейінгі брифингте.
Ал "Партияда қаласыз ба?" деген сұраққа: "Мен партиямыздың шешімдерін орындаймын", - деп қысқа ғана қайырды.
Оның айтуынша, екі партияның бірігуі "біреумен қоштасу немесе амандасу" емес.
"Біз алға жүріп келеміз, біз бүгінгі күнмен өмір сүреміз. Ал бүгінгі күн – ол Жаңа Конституция. Енді алдымызда үлкен жұмыс тұр. Артқа жалтақтап отырған да жоқпыз", - дейді партия басшысы.
Еске сала кетейік, бүгін Amanat партиясының съезінде қатысушылар "Әділет" партиясымен бірігу туралы шешімді бірауыздан мақұлдады.