Қосшыда есірткі жарнамасымен айналысқан жастар әшкере болды

28.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ақмола облысының полиция қызметкерлері Қосшы қаласында есірткі жарнамасын таратумен айналысқан адамдардың қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тәртіп сақшылары аумақты тексеру барысында тұрғын үйлердің бірінің қабырғасынан тыйым салынған заттарды сататын интернет-дүкеннің атауы жазылған жарнаманы анықтаған. Қатысушылардың заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалуының арқасында олардың жеке басы жедел анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы 1-бөлігі, яғни, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағандыда есірткі контрабандасымен айналысқан студент 15 жылға сотталды

Криминалдық полиция жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Астана қаласының екі тұрғыны ұсталды. Белгілі болғанындай, еш жерде оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар «оңай табыс» туралы хабарландыруды әлеуметтік желіден тапқан. Олар атқарған жұмысы үшін ақшалай емес, есірткі заттары түрінде сыйақы алып отырған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда және ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Петропавлда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 33 жастағы күдікті ұсталғанын хабарлаған едік. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью