Қосшыда қайнаған жыр қазаны

25.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қосшы қала мәртебесін ал­ғаннан бері шаһарда көптеген әлеуметтік нысан бой көтеріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі – қалада жаңадан бой көтерген Мәдениет үйі. Бүгінде қоғамдық мәдени-спорттық кешен қала тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыратын көп­функционалды орталыққа айна­лып отыр. Қосшылық ақын­дар­дың жырын арқау еткен кеш те осы мәдени ошақтың ашық алаңында өтті. Арқаның кешкі самалымен жыр тыңдауға жи­налған қала тұрғындарының да қа­расы қалың болды. Поэзия ке­шінде ақын, ардагер журна­лист, зерттеуші Бодаухан Тоқан­нан бастап, Ахат Расул, Бауыржан Қарағызұлы, Ұларбек Нұрғалымұлы, Айгүл Сейілова, Олжас Қасым, Қабиден Қуаныш­бай, Арман Шеризат, Ғылымнұр Кәдірбай сынды ақындардың өлеңдері оқылды.

Кештің бір ерекшелігі – ақындардың жырларын негізі­нен кәсіби актерлер оқыды. Олар әр өлеңнің мазмұны мен таби­ғатын терең сезініп, жүрек­пен жеткізе білді. Ақын жырын сахналық шеберлікпен са­бақ­тастырған актерлер кеш көр­кін қыздырып, ара-арасында әуе­лете ән де салды. Осылайша, Қос­шының бесжылдық белесін жыр­мен өрнектеген іс-шара қала тұрғындарына рухани әсер сый­лап, әдебиет пен өнерді тоғыс­тырған тағылымды кеш болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью