Қосшыдағы сұмдық жағдай: Балабақшада соққыға жығылған 4 жасар қыз мүгедек болып қалды

09.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: istockphoto.com

Оқиға 6 наурыз күні болған. Сол күні тәрбиеші балаларды шамамен 20 минут қараусыз қалдырған. Осы уақытта қатарластары баланы орындықпен бірнеше рет басынан ұрған. Анасының айтуынша, балаға медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеген. Отбасы мүшелері бастапқыда қызының жағдайының нашарлау себебін тұмаумен байланыстырған.

«Балабақшадан кейін қызым дұрыс тамақ ішпей қалды. Жүрегі айнып, әлсіздікке және қатты бас ауруына шағымданды. Біз оны тұмау деп ойлап, суық тиюге қарсы дәрі бердік. 11 наурызға қараған түні құрысу басталып, бала есінен танып қалды. Ауруханаға жеткізгеннен кейін ол келесі күні ғана есін жиды», дейді қыздың анасы Алтынай Бекем.

Қазір бүлдіршін дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынып, эпилепсия ұстамаларының алдын алу үшін арнайы дәрі-дәрмек қабылдап жүр.

Ақмоладағы балабақшада болған жанжал: Тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Балабақша басшылығы оқиға кезінде тәрбиешінің топтан шығып кеткенін және күтушінің орнында болмағанын растады.

«Оқиға тәрбиеші төменге балаларды қарсы алуға кеткен кезде болды. Күтуші орнында болған жоқ, өйткені декреттік демалысқа кеткен қызметкердің орнына адам тауып үлгермедік. Осы үшін кешірім сұраймыз. Сондай-ақ медбике жұмыстан шығып кеткен еді, жаңасын тек бір айдан кейін қабылдадық», деді «Болашақ» балабақшасының меңгерушісі Әсем Балғабаева.

Зардап шеккен қыздың ата-анасы кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп, бірнеше рет құқық қорғау органдарына жүгінген. Бастапқыда полиция қылмыс құрамы жоқ деген негізбен істі тоқтатқан. Алайда ата-анасының бірнеше мәрте шағымынан кейін тергеу қайта жанданды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, кейін мүгедек болып қалғанын мәлімдеген еді. 

Айта кетейік, Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Жетібай ауылында орналасқан балабақшада тәрбиеленуші кеңсе пышағынан жарақат алған еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью