Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Қосшы қаласын газдандыру жобасы толығымен аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан энергетика министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде қаланың барлық шағын ауданы, сондай-ақ "Лесная поляна" тұрғын алабы мен Diamond Park тұрғын қалашығы газға қосылды. Осылайша, 72 мыңға жуық адам көгілдір отынға қол жеткізіп отыр.
"Жалпы Қосшы қаласын газдандыру үшін 357 шақырымнан астам газ тарату желілері салынды, бір блоктық және 44 шкафтық газ реттеу пункті орнатылды", - дейді министрлік мамандары.
Қазіргі уақытта Ақмола облысының 24 елді мекенінде табиғи газ бар. 2027–2028 жылдары Аршалы және Целиноград аудандарының тағы 12 елді мекенін газдандыру жоспарланып отыр.
Айта кетері, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2035 жылға қарай еліміздегі газдандыру деңгейін қазіргі 64,2%-дан 80%-ға дейін жеткізу керек.