Қостанай облысында 100 орындық жаңа мектеп ашылды

19.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қостанай ауданына қарасты Еңбек ауылында 100 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ауылдық жерлердегі мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген екі қабатты білім ордасы 1 млрд 220 млн теңгеден астам қаржыға салынған, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

«Бұл мектеп – тек Еңбек ауылының ғана емес, бүкіл облыстың қуанышы. Бүгін есігін айқара ашқан жаңа білім ордасы заманауи талаптарға сай және балалардың сапалы білім алуға жан-жақты жағдай жасалған. Жаңа мектепте келешекте елін сүйетін, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіп шығады деп сенемін», деді өңір басшысы.

Ауыл мектебі заманауи білім беру талаптарына сай соңғы үлгідегі әдістемелік керек-жарақпен жабдықталған. Жаңа білім ғимаратында 14 оқу кабинеті, бірнеше шеберхана, мультимедиялық, бағдарламалық, интерактивті кабинеттер, медицина бөлімі, асхана және кең спорт залы бар.

Оралда 79 балабақша мен 36 мектеп салынады

Мектепте 77 оқушы білім алатын болады. Мектепалды даярлық тобында 8 бала тәрбиеленіп жатыр. Педагогикалық ұжымда 30 мұғалім жұмыс істейді.

«Ауылдың бұрынғы мектебі әдбен тозып кеткендіктен, қыста жылу ұстамай, балаларымыз тоңып отырушы еді. Осыдан 15 жыл бұрын мектеп мәселесін көтеріп министрлікке дейін хат жазғанбыз. Облыс басшылығындағы азаматтар осы өтінішімізге құлақ асып, бүгін, міне, оқушылар жаңа мектепке кіріп отыр. Қандай тамаша, қарасаң көз тоярлық. Іші кірсе шыққысыз. Өте қуаныштымыз. Ел тілегін орындаған азаматтарға алғыс айтамыз», дейді ауыл ақсақалы Жақсылық Жүнісов.

Еске сала кетейік, биыл елімізде шамамен 47 мың оқушыға арналған 90 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған.

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ, боран және аяз: Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:34

Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады

Қысқы спорт • Бүгін, 09:24

Ораза кезінде қандай тағамдарды шектеу керек?

Денсаулық • Бүгін, 09:13

Көпбалалы отбасыларға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:05

Балық өсіру – бәсі жоғары шаруашылық

Кәсіпкер • Бүгін, 09:00

Экономикалық аймақ іске кірісті

Экономика • Бүгін, 08:55

Уайым

Қоғам • Бүгін, 08:50

Әлемді ізгілікке шақыратын ай

Дін • Бүгін, 08:45

Дананы сомдаған Хәкімжан

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Жақұт тастың зергері

Өнер • Бүгін, 08:35

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды

Ата заң • Бүгін, 08:33

Қағазбастылық қашан жойылады?

Білім • Бүгін, 08:30

Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп

Саясат • Бүгін, 08:28

Білім саласының білгірі еді

Тұлға • Бүгін, 08:25

Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті

Саясат • Бүгін, 08:22

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью