Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қостанай облысындағы Жітіқарада отбасылық жанжал қайғылы аяқталды: алдын ала мәлімет бойынша, анасын арашаламақ болған 15 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанай облысындағы Жітіқарада отбасылық жанжал қайғылы аяқталды: алдын ала мәлімет бойынша, анасын арашаламақ болған 15 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?Полиция мәліметінше, 25 сәуірде болған жанжал кезінде 37 жастағы жергілікті тұрғын пышақ жарақатын алған. Оның ұлы да жараланып, оқиға орнында көз жұмды.
ТолығырақКейін облыстық полиция департаменті жанжал ерлі-зайыптылар арасында болғанын, ал жасөспірім анасын қорғауға тырысқанын нақтылады.
Қазіргі уақытта кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Ол зардап шеккен әйелдің күйеуі болып шықты.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Қызылордадағы жол апаты: марқұмның отбасы Lexus жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді
30 наурыз 15:27 1
Қорғаныс министрлігі Атырау облысында әскери техника түсірілген видеоға пікір білдірді
31 наурыз 16:22 1
“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады
02 сәуір 14:44 1
Бұған дейін Астанада бірге тұратын әйелін өлтірді деп айыпталған Ержан Иманқұловтың ісі қаралған болатын. Тергеу нұсқасы бойынша, жанжалдан кейін ол әйелге бірнеше рет пышақ сұғып, содан кейін 25-қабаттан секіріп кеткен. Ер адам құлағаннан кейін аман қалып, ауруханаға түсті. Дау тек қылмыстың өзі туралы емес, сотталушының психикалық жағдайына қатысты болды.
Қорғау тарапы психологиялық-психиатриялық сараптамаға сүйеніп, ер адам өз іс-әрекетіне есеп бере алмаған және басқара алмаған деп мәлімдеді. Мұндай жағдайда ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілуі мүмкін.
Қаза тапқан әйелдің отбасы мұнымен келіспейді. Жәбірленуші тарап жаңа сараптама тағайындауды талап етті. 13 сәуірде судья материалдарды прокурорға қайтарып, жаңа сараптамалар тағайындады.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу