Қостанай облысында балық қырылды : мамандар тексеріс жүргізеді

12.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы оқиғаға байланысты 2026 жылдың 12 қаңтарында Жангелдин ауданына іссапар жоспарланғанын хабарлады. Құрамында Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, Табиғи ресурстар департаменті, Экология департаменті және Балық шаруашылығы инспекциясының мамандары бар комиссия құрылады.

Министрлік Торғай өзенінде бұрын осылай балық қырылған жағдай тіркелгенін атап өтті. Бұған судағы оттегі деңгейінің күрт төмендеуі себеп болды.

– Жергілікті іссапар негізінде су және биологиялық сынама алынады, қажетті зертханалық зерттеулер жүргізіледі және жағдайға ресми баға беріледі, - деп хабарлады Экология министрлігі.

Дегенмен әлеуметтік желілерде оқиғаның ықтимал себебі туралы әртүрлі пікір айтылып жатыр. Соның ішінде балық қырылуына радонға бай жер асты суларының өзенге қосылып кетуі себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Дегенмен қазір бұл хабарлама ресми түрде расталмады.

Бұған дейін, 2025 жылдың сәуірінде Қостанай облысының Жангелдин ауданы Татыр өзенінде балық қырылған оқиға тіркелген.

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Аралағаш ауылының маңындағы канал өлген балыққа толғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью