Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қостанай облысында бір айдың ішінде 60-тан астам киберқылмыс тіркелді.
Полицейлердің айтуынша, соңғы кезде көбіне студенттер алаяқтардың құрбаны болады. Алдап-арбаудың кең тараған түрі – банк, Қазпошта, құқық қорғау органдарының атын жамылып, телефон шалу. Сонымен қатар онлайн несие рәсімдеу, инвестиция деген желеумен қаржы тарту, жалған тауар жеткізу сияқты интернет алаяқтық жиілеп барады. Шетелдік есеп-шотқа ата-анасының ақшасын аударып жіберген жеткіншектер де бар. Соңғы айда қолды болған ең ірі сома - 12 миллион теңге. Қазір полиция қызметкерлері жастарды киберқылмыстан қорғау үшін барлық оқу орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр.
Олжас Мағыпаров, ПД Басқарма бастығының орынбасары:
- Бұрындары көбіне қаржылық сауаттылығы төмен үлкен кісілер алаяқтардың қармағына ілігетін. Енді олар жастарға ауыз сала бастағандай. Байқағанымыз қаскүнемдердің айтқанына иланып, берген нұсқауларын мүлтіксіз орындайтындардың дені студенттер. Қазір біз университет, колледжерде жастар арасында алдын алу іс-шарасын өткізіп жатырмыз. Бірінші кезектегі міндет дропперліктің салдарын, зияндығын түсіндіру.