Қостанай облысында ер адам 6 жастағы немересімен суға батып кетті

16.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Қостанай облысы Алтын Дала ауылы маңындағы Тобыл өзенінде атасы мен немересі суға батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Қайғылы жағдай 14 маусымда болған.

"Отбасы өзен жағасында демалып отырған кезде бала су жиегінде ойнап жүріп, ағысы қатты жерге түсіп кеткен. Оқиғаны көрген атасы немересін құтқаруға ұмтылғанымен, өзеннің қатты ағысы екеуін де алып кеткен", - дейді құтқарушылар.

Оқиға орнында Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері, полиция қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеген. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындар көмек көрсеткен.

"16 маусымда 2020 жылы туған баланың денесін оқиға орнынан өзен ағысымен шамамен 1,5 шақырым төмен жерден тауып, судан шығарды. Сондай-ақ жедел-құтқару жасағы мен еріктілер 1967 жылы туған ер адамның денесін өзен ағысымен шамамен 5 шақырым төмен жерден тауып алды", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 100 ден аса жеке құрам қызметкері, 26 бірлік техника, 12 жүзу құралы және 5 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью