Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ақмола облысының Целиноград ауданы полиция бөлімінің полицейлерімен бірлесіп, интернет-алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тергеу мәліметінше, өңір тұрғыны OLX платформасында iPhone маркалы ұялы телефондарды сату туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Сатып алушылардан алдын ала төлем алғаннан кейін ол байланысқа шықпай, түскен қаражатты криптоайырбастау қызметі арқылы банктегі өз шотына аударып отырған.
Оның әрекеттерінен келген жалпы шығын шамамен 250 мың теңгені құрады. Қазіргі таңда анықталған азамат Қостанай облысында тіркелген бес эпизод бойынша кінәсін мойындады.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.