Қостанай облысында шаңғы фестивалі өтті

01.02.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қостанайда қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын қос спортшы Наиль Башмаков и Виталий Пухкалоны қолдау мақсатында жерлестері шаңғы фестивалін өткізді.

Жарыс жолына 2 мыңнан астам адам шықты. Олардың арасында қала тұрғындары ғана емес, ауыл-аймақтардан келгендер де бар. 

Қостанайда бүгін жасы бар, жасамысы бар шаңғыға тұрған халықтың қарасы қалың. Оларды біріктірген мақсат - қысқы олимпиада ойындарына қатысатын қостанайлық шаңғышылар Наиль Башмаков пен Виталий Пухкалоға қолдау білдіру.

Бақытжан Нарымбетов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:

- Біздің Қостанай облысының шаңғы спортының тарихы терең. Иван Гаранин бастаған 1976 жылғы үлкен жеңіс біздің үлкен фундаментіміз болды. Соның жалғасы іспеттес Тәуелсіз Қазақстанда 11 спортшымыз Олимпиадаға қатысқан болатын қысқы олимпиадаға. Баршаңызды тағы да мерекемен құттықтаймын. Біздің спортшыларға сәттілік, жеңіс тілейміз.

Бүгінде Қостанай облысынан 35 шаңғышы Ұлттық құрама тізіміне енген. Алты спортшы ұлттық құраманың тұрақты сапында. Айбек Байділдинов Президенттік көпсайыстан әлем чемпионы. Найл мен Виталийды жақсы таниды. Кезінде бір залда жаттығыпты.

Айбек Байділдинов, нысана атудан жаттықтырушы:

- Бұрыннан бері олар өздері табанды жігіттер. Алған қойған мақсатттарына жетуге бір қадам  қалды. Соған біз сәттілік тілейміз. Өздері бабында қазір.

Жаппай шаңғы жарысына шыққандар бір шақырымды жүріп өтуі керек. Уақыт маңызды емес. Шаңғының қызығына батқандар тіпті бірнеше айналым жасады.

Гүлнәр Әубәкірова, Владимиров ауылының тұрғыны:

- Ауа райы да жақсы бүгін, көңіл-күй де күшті. Азартқа кіріп екі айналдым от души. Үлкен рахмет. Біздің чемпиондар алға, бірінші келсін.

Бүгінгі спорт мерекесі қатысушыларға шынымен де жарқын әсер, шаттық сезім сыйлады. Ең бастысы, жиналған жұрт таза ауада шаңғы теуіп, сергіп қайтты.

Мағауия Қалиев, Ермек Мұхмедияров

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью